Нархоз университетінің Ғылыми -Ақпараттық орталық – Ғылыми кітапханасы (бұдан әрі ҒАО-ҒК) ұзақ даму жолынан өтіп, 1963 жылы құрылды. Университеттің барлық бөлімшелерімен тығыз ынтымақтастықта, алдағы уақытқа аяқ баса отырып, өз жұмысына барлық жаңа өңдеулерді енгізді. Ғылыми-Ақпараттық орталық – Ғылыми кітапхананың (ҒАО-ҒК) негізгі мақсаты ғылыми қызметті және білім беруді жүзеге асыруда – оқып жатқандар, білім алушылардан оқытушылар мен қызметкерлерге дейін, жоғары білімді пайдаланушылардың ақпараттық қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады. Бүгінде ҒАО-ҒК-ның басылымы 1 миллион бірлікке жуық есепке алынған. Кітапхана қорының құрамы өздігінше көп салалы, ғылымның орнықты әдебиеттерінен тұратын, негізінен экономика бағытында, сондай-ақ көркем әдебиеттер, сирек кездесетін кітаптар, анықтамалық және электрондық басылымдар болып табылады. Кітапхана қоры университеттің ғылыми зерттеу қызметімен және оқулықтар сияқты қажеттілігін қанағаттандыруға мүмкіндік туғызады. Қордың сапасы университеттің мамандар даярлау бағыты бойынша талаптарына сәйкес келеді. ҒАО-ҒК-на өзінің бай ақпараттық әлеуетін барынша пайдаланушыларының қолданылуы үшін ұмтылады. Осы мақсатта үлкен ақпараттық жұмыс жүргізілуде. Оқу залдарында дәстүрлі кітап көрмелері, әдебиеттерді ашық қарау, семинарлар және конференциялар, Оқу клубы «Бәрі де өз қолыңда» студенттер үшін кездесулер, зияткерлік ойындар, әдеби және музыкалық байқаулар, атаулы күндерге арналып ұйымдастырылады.
Бүгінгі күнде кітапханада 18 қызметкер жұмыс жасайды. Бірғана кітапхананың құрылуымен және дамуына 30 жылдан астам қызмет еткен еңбеккерлер бар.ҒАО-ҒК-ның қызметкерлері оқырмандарға ішкі және сыртқы мәліметтер базасымен электрондық каталогта ақпарат іздеуге көмектеседі, ксерокөшірме, сканерлеу қызметтерін көрсетеді, студенттерді толық мәтінді басылымдар мен жұмыс істеу дағдыларына оқытады. ҒАО-ҒК университеттің ғылыми-зерттеу қызметінде және оқу үдерісінде әрқашан маңызды орынға ие болды. Нархоз университетінің кітапханасында қазіргі жаңа енгізілгеннің барлығы – бұл болашаққа алғашқы қадам, уақыттың ұсынылған талабына сәйкес барлық үдерістерді қайта құруда алдымызда бізге әлі ұзақ жолдан өту тұр.