23.10.2019 жылы Нархоз Университетінің «Жалпы білім беру пәндері» Ғылыми білім беру департаменті мен Ғылыми-ақпараттық орталық-Ғылыми кітапхананың ұйымдастыруымен оқырман залында «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту жобасы аясында «Алтын Орданың 750 жылдығына» арналған «Тарих сабақтастығы және қазіргі Қазақстан» тақырыбында «Базалық дайындық» факультетінің 1-курс студенттері арасында танымдық сайыс болып өтті.
Танымдық сайыс 4 кезеңнен тұрды:
I – Бұл тарих
II – Бәрін білемін
III –Тарихқа хат
IV – Өзімізді танимыз ба?
Сайыс барысында жаңа әдістемелер қолданылды: жұмыс қазақ, орыс тілдерінде жүрді, қатысушы екі топ «Батый хан мен сырласу», «Болашаққа хат» тақырыбында бағытталған хат жазды. Сайыс өз мәресіне жетті. Студенттер Алтын Ордадан басталған тарих сабақтастығын бүгінгі Қазақстанмен байланыстырып қорытындылады.
Қазылар алқасы: т.ғ.к., доцент Примбетова Е.У., аға оқытушы Болтаева С.Ж., кітапхана директоры Мурзабаева Ж.М. сайысқа қатысушылардың білімдеріне әділ бағасын берді. Белсенді қатысқан студенттер мақтау қағаздары және кітаптармен, кәдесыйлармен марапатталды.